RU

ІІМ Bek Air-дің екінші ұшқышы неден көз жұмғанының алдын-ала себебін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәжіліс отырысында Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатынан қайтыс болған екінші ұшқыштың қайтыс болуына қатысы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қожаевтың хабарлауынша, кез келген адам өлімі дерегі бойынша қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалады.

Оның сөзінше, алдын-ала мәлімет бойынша, аталған жағдайда апат кезінде алған жарақат немесе басқада криминалдық факторлар өлімге себепші емес.

"Мәселе оның денсаулығының жай-күйінде болуы мүмкін", - деді маман.

Қожаевтың сөзінше, ұшқыштың нақты неден көз жұмғаны бір айдан кейін белгілі болады. Сол кезде сот-медициналық сараптаманың нәтижесі жарияланады.

Айта кетейік, екінші ұшқыштың өлімі жайлы хабар 28 қаңтарда белгілі болды. Айта кету керек, ер адам 27 қаңтарда көз жұмған.

Ұшқыш 21 қаңтарда №4 қалалық клиникалық ауруханадан үйіне шығарылған. Сол кезде оның жағдайы тұрақты болған.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, бірінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1838363-iim-bek-air-di-ekinsi-skysy-neden-kz-zmganyny-aldyn-ala-sebebin-ajtty.html