Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіз ойлағандай маңызды емес алты дүниенің не екенін білесіз бе

Опубликовано:

Кез келген адам барын бағалағаны жақсы. Алайда кейбір дүниелерді бәрінен биік қойып, өмірдегі басқа да құндылықтарды ұмытып жатамыз. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап сіз ойлағандай маңызды емес алты дүниені анықтады.

заттар
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жетістік

Әр адам жетістікті әрқалай қабыладйды. Дегенмен қоғамда қалыптасып қалған қағида бар. Ескеріңіз, барлық адам бақуатты өмір сүре бермейді. Сондықтан, өзіңіздің жетістігіңізді тек ақша табумен байланыстырып қоймаңыз. Жаныңыз нені қаласа, сонымен айналысып, сол салада жетістікке жетуге тырысыңыз.

Міндеттер

Әр адамның мойнына алған белгілі бір міндеттері бар. Мысалы, отбасыңды асырау, жұмысқа кешікпеу сияқты. Алайда міндетім екен деп өзіңізге ұнамайтын жұмысты өмір бойы істеуден асқан ауыр нәрсе жоқ шығар. Әрбір жасаған іс-әрекетіңіз арқылы сіз өміріңіздегі басты мақсатқа жақындауыңыз керек. Осылайша сөмірден ләззат алып үйренесіз!

Әлеуметтік желілер

Қазір желіде отырмайтындар кемде кем. Десе де, кім қанша лүпіл басып, пікір жазды екен деп телефонға телміріп отыруға болмайды. Өзіңізді өзгемен салыстырып, бағаңызды түсіріп алуыңыз мүмкін. Келесі жолы бір жазба жарияламас бұрын өзгеге емес, өзіңізге ұнау үшін салыңыз.

Сырт-келбет

Сырт-келбетке мән беріп, өз-өзіңді күту жақсы, әрине. Дегенмен, кейбір адамдар әр ұсақ-түйек үшін өзін сынап жатады. Бұл дұрыс емес. Әрбір адам өзінше әдемі.

Шын мәнісінде макияж, шаш үлгісі, киім сияқты дүниелер сіз ойлағандай маңызды емес. Айналаңыздағылардың бәрі қара басының қамымен жүргендіктен, сіздің образыңыз оларға қызықсыз.

Өзгенің ойы

Кейбір жақын адамдардың пікірі шынымен де маңызды. Дегенмен ешкім ешкімнің пікірін тыңдап, дәл сол айтқандай өмір сүруге міндетті емес. Өзгелер сіз туралы не ойлап, айтса да ол өміріңізге кері әсерін тигізбеуі керек.

Материалдық құндылықтар

Материалдық құндылықтар кез келгеніміз үшін маңызды екені рас. Дегенмен, сіз шынайы бақытты болсаңыз, дүниенің де, ақшаның да қажеті болмай қалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін өзге адамдарға мүлдем беруге болмайтын жеке заттардың тізімін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838372-siz-ojlagandaj-mayzdy-emes-alty-dnieni-ne-ekenin-bilesiz-be/

pixel