Выйти
RU

"Шымкент аруына" қыз кейпінде қатысқан жігіт бұл қадамға не үшін барғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2019 жылы "Шымкент аруы" сұлулық байқауында күтпеген жағдай орын алған. Сайыстың финалдық бөлімінде бақ сынаған арулардың бірі шын мәнінде ер азамат екені әшкере болған. Үшінші мегаполистің хас сұлуларына бәсекелес бола білген жігіттің есімі- Илай Дягилев. Бұл жағдайдан кейін қатаң сынға қалған азамат араға уақыт салып, алғаш рет даулы оқиға туралы тіс жарды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ/NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ/NUR.KZ

Илай Дягилев "Шымкент аруы" сұлулық байқауына Арина Алиева есімді ару ретінде қатысып, финалдық кезеңге дейін өткен.

Ер жігіт бұл қадамға қандай мақсатпен барғанын айтып берді.

"Мен бұл қадамға Шымкент пен оның халқын қаралау үшін барған жоқпын. Мен Шымкентті қатты жақсы көремін. Мен қала мен оның тұрғындарын ренжіткім келген жоқ. Арина Алиева деген ойдан шығарылған образ. Шын өмірде мұндай қыз жоқ. Яғни, мен ешкімге еліктеген жоқпын. Қыз болып киінуім менің қызтеке екенімді мүлдем білдірмейді. Мен бар болғаны өзімнің кәсібилігімді көрсеттім.
Мен модель болған соң, қыздың образына да оп-оңай ене алатынымды дәлелдедім. Қазіргі қыздар сән қуамыз деп бәрі бір-бірінен айнымай кетті. Барлығы бірдей макияж жасататын болған. Олар өзінің табиғи ерекшелігін жоғалтып жатыр. Бойжеткендер косметика біреуге еліктеу үшін емес, өз сұлулығын айқындап көрсету үшін жасалғанын естен шығарып жатыр" , - деді Илай.

Оған қоса, жас жігіт өзін басқа ер азаматтардан ерекшелейтін қызығушылығына тоқталды.

"Мен футболға да, боксқа да қатыстым. Бірақ спорт саласын бөтенсіндім. Маған әрқашан сән әлемі қызық болатын. Түрлі киім-кешектер мен соңғы трендтер, міне мені қызықтырған дүние осы болды. Сол себепті, мен өзімнің жаныма жақын саланың майталманы болғым келді. Өзімді кәсіби тұрғыдан көрсеткім келеді. Бұл өмірде ешкім артық емес, бәріне де орын жетеді. Сол секілді, маған да бұл саладан орын табылды" , - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген фотошоптың көмегімен өзінің қыз кейпіндегі келбетін желідегілерге көрсеткен еді.

Оған қоса, белгілі әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев бейнебаянында бойжеткеннің образын сомдаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шымкент аруына" қыз кейпінде қатысқан жігіт бұл қадамға не үшін барғанын айтты