Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандық студенттер қайда болады

Жарияланған күні:

Еліміздің вице-премьері Бердібек Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған Қазақстан азаматы өздерімен вирус әкелмеуі және оны отандастарына жұқтырмауы үшін үкімет қандай шаралар қолданатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар қайда болады
Фото: Vernon Yuen/NurPhoto via Getty Images: UGC

Сапарбаевтың сөзінше, Қытайда жүрген қазақстандықтардың жартысы дерлік үйлеріне қайтқан. Ал қалғандары екі-үш күннің ішінде елге келеді.

Оның айтуынша, елге оралуға ниет білдірген студенттер үшін арнайы борт дайындалған. Қазір оларда демалыс уақыты болғандықтан, бұл оқу процесіне кері әсерін тигізбейді. Одан бөлек, қытайлық тарап демалысты ұзартуды қарастыруда екен.

Сондай-ақ Сапарбаев студенттерді Қазақстанға қайтарып, қауіпті вирус кіргізе ме деген қоғамның қорқынышына да жауап берді.

Вице-премьер қазақстандықтарды сабырға шақырып, көрші елден келгендердің карантинде болатынын айтты. Оларға келген соң екі апта сол жерде болатын жеке медициналық мекеме дайындалған.

Сапарбаевтың айтуынша, студенттерді ақ халаттылар бақылауға алады. Егер екі апта ішінде ешқандай ауру белгілері байқалмаса, онда олар тиісті анализ тапсырған соң шығарылады.

Егер ауру белгілері анықталса, онда емдеу мекемесінде сауыққанша қалады.

Әуежайда арнайы дайындалған медициналық қызметкерлерден басқа олармен ешкім байланыспайды. Студенттерді әуежайдан арнайы автобусқа мінгізіп, белгіленген ауруханаға апарады.

Вице-премьер медицина мамандары студенттермен жұмыс істеуден бас тартуда деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оның деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта барлық мамандар дайын. Одан бөлек, дәрігерлер, медицина қызметкерлері және басқа да мамандар жеке қауіпсіздігі үшін бетперде киіп, жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Уханьнан келген студенттердің екі аптаға оқшауланатынын айтқан.

Қазіргі уақытта Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838643-kytajdan-evakuacialangan-kazakstandyk-studentter-kajda-bolady/