Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьнан келген қазақстандық студенттер екі аптаға оқшауланбақ

Опубликовано:

Қазақстанның бас дәрігері Жандарбек Бекшин журналистерге коронавирус тараған Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттер жайлы айтты. Оның сөзінше, студенттерді мединица мамандарының көмегімен арнайы борт арқылы әкелген соң, оларды екі апта карантинде ұстайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бекшиннің хабарлауынша, Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.

Шаһар тұрғындары үшін вокзалдар мен әуежайлар жабық болғандықтан, олар осы уақытқа дейін ауру жайлаған қаладан шыға алмаған.

Қазақстандықтарды арнайы бортпен әкелмек. Ұшақ ішінде өзіміздің дәрігерлер де болады. Мамандар арнайы қорғаныш костюмдерін киіп барады. Студенттерді тасымалдаған соң ұшаққа дезинфекция жасалады.

Қытайдан келген бетте барлық қазақстандықтарды арнайы изоляторға кіргізеді. Бұл қауіпсіздік шарасы егер келгендердің бірінен вирус анықталған жағдайда оның таралып кетпеуі үшін қажет.

Сондай-ақ, студенттер екі апта бойы медицина мамандарының бақылауында болмақ.

Қазіргі уақытта қазақстандық борттың аспан асты еліне ұшуы қытайлық тараппен келісілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838251-uhannan-kelingen-kazakstandyk-studentter-eki-aptaga-oksaulanbak/

pixel