Выйти
RU

Қазақстанда дене қызуы мен вирустық белгісі бар 66 адам ауруханаға жатқызылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жұқпалы аурулар дәрігері Динагүл Баешева мемлекетте дене қызуы мен вирустық белгілерге шағымданған 66 адам ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Олардың 41- әлі де оқшаулағышта деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақ халаттылар Қытайдан Қазақстанға келген жолаушылардың статистикасын 6 қаңтардан бастап жүргізіп келеді. Дәл осы күннен бастап Қытайда жаңа вирустан пайда болған пневмонияға байланысты эпидемиялық бақылау күшейтілді.

Дәрігерлер мемлекетке оралған азаматтардың барлығына телефон арқылы хабарласып, SMS жолдауда. Осылайша, елге қайтқандардың денсаулығы бақыланып отыр.

Бүгінде ауруханаға түскендер саны күн сайын артып келеді. Себебі, күнделікті әлі жауап қатпаған адамдармен байланыс орнатылып жатыр. Қазір Қазақстанға келгендердің 81 пайызы тексерістен өтті.

Олардың ішінде 66 адам дене қызуы мен жедел вирустық инфекция белгілеріне шағымданды. Ал ақ халаттылар оларды толыққанды тексеру үшін ауруханаға жатқызуды дұрыс деп шешті.

Медициналық тексеріс 25 адамда коронавирус белгілері жоқ екенін анықтады. Оларға белгілер бойынша медкөмек көрсетіліп, кейіннен үйіне қайтарылды.

Ал 41 адам әлі де оқшаулағышта жатыр. Олардың сараптамасы Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығына жіберілген. Онда азаматтарда коронавирус белгілері бар-жоғы анықталады.

Жұқпалы аурулар дәрігері мұндай зерттеулер Қазақстанның әр облысында және мемлекеттік маңызы бар қалаларда жүргізіліп жатқанын баяндады.

Айта кетейік, күні кеше Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатқанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда дене қызуы мен вирустық белгісі бар 66 адам ауруханаға жатқызылды