Выйти
RU

Иыққа қарай түшкіріп, етті қайнатып жеу: Коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жұқпалы аурулар дәрігері Динагүл Баешева вирус жұқтырмаудың бес ережесін айтып берді. Олардың ішінде майлыққа не иығыңа түшкіруі, етті жақсылап қайнатып жеу сияқты қағидалар бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Динагүл Башаева. Фото: NUR.KZ

Динагүл Башаева. Фото: NUR.KZ

Инфекционистің сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген жаңа вирустың зерттелуіне және емделуіне арналған хаттамаларды дайындап, ДДСҰ мен Қытай Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын зерттеп жатқан кезде, қазақстандықтар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтағаны абзал.

Сонымен азаматтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармауға және вирус белгілері бар адамдардан аулақ жүруге кеңес берілген.

Инфекцияны өз қолыңызбен жұқтырмау үшін, оны үнемі жуып отыруы керек. Бұған дейін Елжан Біртанов егер лас қолмен көзіңізді сүртсеңіз, онды шырышты қабат арқылы да вирус жұғатынын хабарлаған.

Қазақстандықтарға көпшілік ортада маска киіп жүру де ұсынылды. 2-3 сағатқа қана әсер ететіндіктен, оны жиі ауыстырып отыру керек.

Түшкірудің де өз ережесі бар. Егер түшкірген кезде аузыңызға қоятын майлық болмаса, онда иығыңызға түшкірген дұрыс.

Айта кетсек, бұған дейін елордалық денсаулық сақтау басқармасы әр майлықты қолданған соң пакетке тастау керектігін айтқан. Ал оны қоқысқа тастамас бұрын пакеттің аузын нықтап жапқан жөн.

Сонымен қатар, азық-түлікті өңдеу. Кез келген ет өнімін жақсылап қайнатып немесе қуыру керек. Ал көкөніс пен жемістерді қайнаған сумен жуған дұрыс. Сондай-ақ базарларда өнімдерді сөрелерден тікелей алып, жемеген жөн.

Еске сала кетсек, бұған дейін Динагүл Баешева мемлекетте дене қызуы мен вирустық белгілерге шағымданған 66 адам ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Науқастардың 41- әлі де оқшаулағышта.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иыққа қарай түшкіріп, етті қайнатып жеу: Коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керек