Генерал-майор Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынды
Жарияланған күні:
Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Жемқорлыққа қарсы келісім аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жүргізген шаралардың арқасында ҚР Қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментінің бұрынғы бастығы – генерал-майор Көпбаев ұсталып, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта генерал-майор Көпбаевқа қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді тілшілерге Қазақстан Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов.
Оның айтуынша, БАҚ-та генерал-майор Көпбаевтың кадрлар және әскери білім департаментін басқаратыны жайлы ақпарат тарап кеткен.
"Бұл мәлімет дұрыс емес. Лауазымды қызмет пен әскери атағына қарай оның лауазымы – ҚМ кадрлар департаментінде болған. Оның әскери білім департаментіне қатысы жоқ", - деді Бекен Шынтілеуов.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, айтарлықтай шығынға 50 АЕК-тен басталатын (130 мың теңге) сома жатады.
Айта кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігі бөлімдері бірінің басшысы жүйелі түрде заң бұзды деп күдіктенгенін хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839614-general-major-kajrat-kpbaev-eki-ajga-jkamakka-alyndy/