RU
Bek Air дауы: Әуе компаниясы ұшағы кіріп кеткен үй иесін сотқа берді

Bek Air дауы: Әуе компаниясы ұшағы кіріп кеткен үй иесін сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Bek Air әуе компаниясы ұшақ апаты кезінде әуе лайнері кіріп кеткен үй иесін сотқа берді. Азамат 21 ақпан күні сотқа шақырылып отыр. Бұл туралы Ришат Қалибектің өзі заңгер Бақытжан Базарбекке баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ришат Қалибек. Фото: Видеодан кадр. Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Ришат Қалибек. Фото: Видеодан кадр. Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Заңгер сұхбатты әлеуметтік желідегі парақшасының тікелей эфирінде жүргізді.

Онда Ришат Қалибек әуе тасымалдаушының үй иесін сотқа бергені айтылған құжат жайлы баяндады. Ол мұны өз арызына жауап ретінде түскен арыз деп болжауда. Үй иесі жер телімін қалай алғанын да түсіндіріп берді.

"Жер телімін 2014 жылы маусымда сайттан таптым. Сатушының есімі Ерсін еді. Онымен хабарласып, кездесіп, жерді көруге бардық, Сол кезде мен биік дуалды көріп, оның қандай қоршау екенін сұрады. Ол мұның бізге қатысы жоқ екенін айтты.
Ол делдал, тек жер телімін сатумен айналысып жүрді. Ал жер теліміне құжатты әкімдіктен алғанын айтты. Әкімдік рұқсат беріп, жер телімін өзі бөлгенін жеткізді",- дейді азамат.

Осылайша, Қалибек жер телімі үшін нотариусқа 14 мың доллар теңге төлейді. Алайда азаматқа ол жерде үй тұрғызуға болмайтынын ешкім ескертпейді.

"Ерсін сол жерден жер телімін сатып алғанын, енді көрші болатынымызды айтты. Жан-жағымда коттедждер көп болғандықтан, мен де күмәнданған жоқпын.
Нотариус тиісті құжаттарды рәсімдеді, біз қол қойдық. Жер телімін бірінші рет сатып алғандықтан, аса мән бере қоймадым. Ал Ерсіннің қолында сол жердің бас жоспары болды. Ол бас жоспар аудан әкімдігімен тіркелгенін айтты. Бізге түпнұсқаны емес, көшірмесін көрсетті.
Маған жер телімінен 20 метр жерде әуежай бар екенін ескертпеді. Жақын арада үй соғылатындықтан, қоршау тұр деп түсіндірді. Менің көршім Жарқын да менімен бірге жер телімін сатып алды. Ол Жаркенттен. Ол өз телімі үшін 12 500- 12 700 доллар берді", -дейді Ришат Қалибек.

Қалибектің сөзінше, ол бірден Талғар аудандық әкімдігіне барған. Себебі, жер телімі ЖҚШ белгісімен осы аймақтың базасында тіркеліпті.

"Құрылысшыға бару қажет екенін айтты. Бірақ онда ешкім болмады, басқа жұмыс күні келуімді сұрады. Кейін олармен орыс тілінде сөйлесу үшін болашақ жарыммен бардым. Екінші ретте де кездесе алмадым.
Үй құрылысын 2014 жылдың маусым айында бастап, 2018 жылы қоршау тұрғыздық. Жалпы биіктігі 9 метрді құрады. Төрт жылда ешкім бұл жерде құрылыс жүргізуге болмайтынын ескерткен жоқ. Егер алдын-ала ескертсе, біз ақшамызды құрылысқа жұмсамас ек",- деді азамат.

2016 жылы үй иесі баспана құжатын рәсімдеу үшін Гүлдала ауылының әкімдігіне барады. Өкінішке қарай, әкім өз кабинетінде жоқ болып шығады. Ал келесі жолы ол Талғарға жиналысқа кетіп қалады.

"Біз жарық мен су орнату қажет екенін айтқанымызда, коммуникация жеткізу мәселесі бойынша тиісті бөлімге жүгіну қажеттігін, ал жарық энергиясына трансформатор сатып алу керек екенін жеткізді.
Ерсін учаскені белгілеуге көмектесетін адамдардың нөмірлерін берді. Бірақ олар ешқандай құжат ұсынған жоқ, тек шекараларды белгілеп, өз жұмыстарына ақша алып кетті. Мемлекеттік актіні ХҚКО-дан алдық",- дейді Ришат Қалибек.

Ришат Ерсіннің нөмірін де, тегін де ұмытып қалған. Ол ұялы телефонын өзгертіп, нөмірді жоғалтып алыпты. Бес жыл өткендіктен, көршісі де делдалдың байланыс нөмірін өшіріп тастаған екен.

"Талғар әкімдігі келтірілген шығынды өтеп беруге уәде берді, кейіннен телефон қоңырауларыма жауап бермей қойды. Маған келтірілген шығын 25 млн теңге. Үйде тұру да, оны қалыпқа келтіру де мүмкін емес. Қазір тек шығынымды өтеп берсе деймін. Басқа ештеңе керек емес. Жаңадан үй саламын. Жер берсе де құптар ем. Үйіме құжаттарды рәсімдеп үлгерген жоқпын, техникалық куәлік те алмадым.
Сот шешімі әділ болып, өз ақшамды ала аламын деп үміттенімін. Барлығы қорытындыға байланысты. Егер болмаса, осыған дейін жүгінген аудан әкімі орынбасары мен басқа тұлғалардың атына арыз жазуыма тура келеді",- деді азамат.

Ришат Қалибек апаттан қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, бірінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмған болатын.

Ал екінші ұшқыш пен зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген еді.

28 қаңтар күні апат болған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel