RU

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Небәрі екі аптадан кейін көктем мезгілі келеді. Көктемнің алғашқы айын ел тұрғындары асыға күтетіні жасырын емес. Себебі дәл осы айда қазақстандықтарды қос мерекемен қатар бірнеше демалыс күндері күтіп тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Мерекелер күнтізбесі еліміздің Электронды үкімет сайтында жарияланды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тек аптасына 5 күн жұмыс істеп, оқитын адамдар үшін наурыздағы 31 күнінің жартысы, яғни 13 күн демалыс болмақ.

Мәселен қазақстандықтар Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 3 күн: 7, 8 және 9 наурыз күні демалады. Айта кету керек, бұл аптасына бес күн жұмыс істейтін және оқитын адамдарға ғана қатысты.

Ал жұмыс кестесі аптасына алты күнді құрайтын жандар екі күн: 8 және 9 наурыз күні демалады.

Ал ең ұзақ демалыс ел тұрғындарын Наурыз мерекесінде күтіп тұр. Бұл уақытта қазақстандықтар қатарынан 5 күн 21-26 наурыз аралығында демалады.

Айта кетейік, 21, 22 наурыз мереке күндері сенбі және жексенбі күніне түсіп тұрғандықтан, 24, 25 наурыз демалыс күндері болып саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәжікстанда жаңа мереке-картоп күні пайда болғанын жазған едік. Оны тұрғындар Худжандта Наурыз күндерінің бірінде атап өтетін болады. Жарлыққа Соғды облысының төрағасы Раджаб Ахмадзода қол қойған.

Мереке күнтізбесі egov.kz сайтынан алынды
Мереке күнтізбесі egov.kz сайтынан алынды: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1841084-nauryzda-kazakstandyktar-kansa-kn-demalady.html