RU

Коронавирусқа байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустың өршуіне байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда емес, Өзбекстанда өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Бұған дейін Қазақстан үкіметінің коронавирустың кең таралуына байланысты Қытаймен шекаралас елдердің жолаушыларына елге кіріп-шығуға шектеу қойғаны белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті шұғыл түрде қалыптасқан жағдайды талқылап, жарысты Өзбекстанға ауыстыруға шешім қабылдады. Осылайша, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуір аралығында Ташкентте өтеді.

Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, елде коронавирусты жұқтырған науқастар саны 72 436-ға жеткен. Олардың 1868-і көз жұмды, 12 552 адам аурудан айығып, ауруханадан шығарылды.

Еске сала кетейік бұған дейін, БАҚ-та Қытайда жоспарланған теннис турнирі Қазақстанда өтеді деген ақпарат тараған болатын.

Кейін бұған қатысты ел үкіметі мәлімдеме жасап, 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы ұсынысы қабылданбағанын айтты.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты да Қазақстанда өткізілмейтіні белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусқа байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейтін болды
Mailfire view pixel