Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада Қытайдан эвакуацияланған азаматтар үшін қақтығыс болды (видео)

Опубликовано:

Украина өңірлерінің бірінде тәртіпсіздіктер басталды: жергілікті тұрғындар Қытайдан эвакуацияланған отандастары мен шетелдік азаматтардың өз аймақтарына орналастырылуына қарсы шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: instagram.com/poltava_shosho видеосынан
Кадрлар: instagram.com/poltava_shosho видеосынан: Facebook

Жергілікті "24 канал" басылымының мәліметінше, Новые Санжары ауылының тұрғындары наразылық акцияларын ұйымдастырған. Осы ауылдың маңындағы шипажайға Қытайдан эвакуацияланған украиналықтар орналастырылуы тиіс еді.

Басында әлеуметтік желілерде эвакуацияланған азаматтарды жеткізуі тиіс автобустарды кіргізбеу үшін адамдарды шипажай маңына жиналуға шақырған хабарламалар тараған.

20 ақпан күні таңертең тұрғындар жеке автокөліктерімен шипажайға баратын жолды бөгеп тастаған.

Полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерді таратып, жолды ашуға тырысқан. Нәтижесінде, жергілікті тұрғындар мен тәртіп сақшыларының арасында қақтығыс болды.

Басылымның ақпарынша, бортында эвакуацияланған азаматтар бар ұшақ бүгін таңертең Украинаға қонған. Олардың барлығын екі апталық карантинге жатқызу жоспарланған еді.

Сондай-ақ ұшақта тек сау азаматтар болғаны хабарланды: лайнерге отырғызу алдында олар тексеруден өткен, дене қызуы 37 градустан жоғары адамдарды бортқа кіргізбеген.

Барлығы 70 адам эвакуацияланды, олардың кейбіреулері – өзге елдің азаматтары.

Еске сала кетейік, 19 ақпаннан бері әлеуметтік желілерде ШҚО-дағы ауданға коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жеткізілгені туралы ақпарат пайда болып, елді дүрліктірген еді. Алайда облыс әкімдігі мұны жоққа шығарып, Даниал Ахметов жұртты сабырға шақырды.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1841972-ukrainada-kytajdan-evakuacialangan-azamattar-sin-kaktygys-boldy-video/

pixel