RU

Өскемен әуежайына жақын маңда ұшақ құлады (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Өскемен әуежайына жақын маңда АН-2 ұшағы құлағаны белгілі болды. Төтенше жағдайдың егжей-тегжейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

10 ресейлік

Фото: ІІМ ТЖК

Ведомствоның мәліметінше, құлаған ұшақ "Орлан 2000" әуе компаниясына тиесілі. Ол Өскемен - Ақсуат бағытында санитарлық тапсырма бойынша рейс орындаған.

26 ақпанда, сағат күндізгі бір шамасында экипаждың қозғалтқышта мәселе туындағанын хабарлағаны белгілі болды.

Өскемен әуежайына жақын маңда ұшақ құлады (фото)

Фото: ІІМ ТЖК

Командир әуе кемесін шұғыл жерге қондыруға шешім қабылдаған. Оқиға Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде орын алған.

Авиациялық әкімшіліктің хабарлауынша, бортта бес адам болған. Олардың үшеуі - экипаж мүшелері, екеуі - қызметтік жолаушылар.

Өскемен әуежайына жақын жерде ұшақ құлады

Фото: ІІМ ТЖК

Ведомствоның дерегінше, қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрларда қарда жатқан ұшақ бейнеленген. Әуе кемесінен қызыл жалын мен түтін байқалады.

"26 ақпанда шамамен сағат 13:00-де Прапоршиково ауылынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы қону барысында қозғалтқыштан өрт шыққан. Ұшқыштың аэродромнан тыс мәжбүрлі апаттық қону жасауына тура келген. Бортта 5 адам болған. Адам өлімі болған жоқ. Ұшқыштардың біріне медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай анықталып жатыр", - деді ІІМ ТЖК.

Айта кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында Ber Air әуе компаниясының ұшағы құлаған еді. Қайғылы оқиғаның салдарынан 12 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскемен әуежайына жақын маңда ұшақ құлады (фото, видео)
Mailfire view pixel