RU

"Мен қателестім": Салафизмді ұстанған ақтөбелік азамат адасқанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Cалафизм бағытын ұстынушылардың сөзіне сеніп, адасқан тағы бір ақтөбелік азамат ағынан жарылды. Жергілікті теологтар жат ағым етегіне еріп, бірнеше мазхабты ұстанған тұрғынның өкініші айтылған видео дайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Берік Мақашев осыған дейін псевдосалафилік бағыт ұстанушысы болған.

"2007 жылы жолдастарыммен мешітке барып намаз үйрендім. Сол уақыттарда жастар дінге көптеп бет бұрды.

Аты шыққан уағызшы Дарын Мубаровты көп тыңдайтын едік. Сол кісінің сеніміне, уағызына еріп, елімізде мұсылмандар ұстанатын Әбу Ханафи мазхабынан алыстап кеткенбіз.

Дарын Мубаров тыңдайтын, бізден білімдірек жігіттердің уағыздарына құлақ астық. Ең алдымен такфир жамағаты намаз оқымайтындар мен намазын тастағандарды кәпірге шығаратынын білдім",-деді ол.

Адасушы болған азамат иланып келген ұстаздарының қате пікірлерін кейін түсінген.

"2016 жылдары интернеттен Назарутулла мен Ділмұрат әбу Мұхаммад уағыздарын тыңдай бастадым. Олар Дарын Мубаров қате жолда деген соң олардың сөздерін дұрыс көріп, өзіме ұстаз тұта бастадым. Айырмашылықтары өте көп.

Бірінші, әлем ғалымдары мойындаған Әшғари және Матуриди ақидасын ұстанушылар Алла барлық жерде деген жалалары болды. Және олардың қиямет белгілеріне сенбейді деген өтіріктері болатын.

Қазір мен әлем мойындаған, қазақ халқы ежелден ұстап келе жатқан Әбу Ханифа мазхабын ұстанушымын. Бәрі кеш болмай тұрып ойланайық. Мен қателестім. Алайда өз қателігімді түсіндім",-деді ол.

Бейнероликтің Мұғалжар аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың ұйымдастырылуымен дайындалғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде салафизмге тыйым салынады ма деген сұраққа жауап жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мен қателестім": Салафизмді ұстанған ақтөбелік азамат адасқанын айтты
Mailfire view pixel