RU

Желіде Наурыз айындағы 10 күндік демалыс туралы "үкімет қаулысы" тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мерекеге толы Наурыз айы жақындап келеді. Дәл осы айда қазақстандықтар ең көп күн демалады. Электрондық үкімет порталында сәйкес күнтізбе бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: voxpopuli.kz

Фото: voxpopuli.kz

Дегенмен, әлеуметтік желіде қазақстандықтардың 2020 жылғы 16-25 наурыз аралығында демалатыны көрсетілген әлдебір құжаттың фотосы таралды деп жазды Tengrinews.kz.

Фотоның авторлары оны – "Қазақстан үкіметінің қаулысы" деп мәлімдеді.

Алайда, премьер-министрдің баспасөз хатшысы Зарина Нұрланова бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2020 жылғы наурыз айында қазақстандықтарға қанша күн демалыс берілетінін хабарлаған болатынбыз.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тек аптасына 5 күн жұмыс істеп, оқитын адамдар үшін наурыздағы 31 күннің жартысы, яғни 13 күн демалыс болмақ.

Мәселен қазақстандықтар Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 3 күн: 7, 8 және 9 наурыз күні демалады.

Айта кету керек, бұл аптасына бес күн жұмыс істейтін және оқитын адамдарға ғана қатысты.

Ал жұмыс кестесі аптасына алты күнді құрайтын жандар екі күн: 8 және 9 наурыз күні демалады.

Ал ең ұзақ демалыс ел тұрғындарын Наурыз мерекесінде күтіп тұр. Бұл уақытта қазақстандықтар қатарынан 5 күн 21-26 наурыз аралығында демалады.

Айта кетейік, 21, 22 наурыз мереке күндері сенбі және жексенбі күніне түсіп тұрғандықтан, 24, 25 наурыз демалыс күндері болып саналады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде Наурыз айындағы 10 күндік демалыс туралы "үкімет қаулысы" тарады
Mailfire view pixel