Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

Опубликовано:

Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар күтіп тұр. Көктемнің алғашқы айында Қазақстан халқы 14 күн демалады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?
Көрнекі фото: Shutterstock.com: Facebook

Наурыз айында қазақстандықтарды екі мереке - халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы күтіп тұр.

Сегізінші наурыз жұма күнге түскендіктен, отандастарымыз үш күн, 8 мен 10 аралығында демалады.

22 наурызда қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлайды. "Мейрамдар" туралы Заңға сәйкес Ұлыстың ұлы күні ресми түрде 21, 22, 23 наурыз күндері тойланады.

Алайда 23 сенбі күнге сәйкес келгендіктен, бұл демалыс дүйсенбі, 25 наурыз күнге ауысады.

Осылайша, көктемгі күн мен түннің теңесуі еліміздің тұрғындарына 21 мен 25 аралығында бес демалыс күнін сыйлайды.

Бұл айда барлығы қазақстандықтар 17 күн жұмыс істейді. Ал 14 демалыс күнінің төртеуі мереке күн болса, 10 күн қарапайым апта соңындағы демалыстар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779097-kazakstandyktar-nauryzda-kansa-kn-demalady/

pixel