Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентауда қабағына татуаж жасатқан келіншек көз жанарынан айырылып қала жаздады

Опубликовано:

Кентау қаласының тұрғыны Гүлшат Қаныбекова сұлулық салонында қабағына сәтсіз татуаж жасатқаннан кейін медицина қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүр болды. Көз жанарынан айырылуға шақ қалған жәбірленуші полицияға арыз тастамақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы: Facebook

Келіншек процедура аяқталған соң-ақ өзін жайсыз сезіне бастаған. Татуаж шебері оған ауыруды басу үшін арнайы препараттар бергенімен, әйел адамның денсаулығы нашарлай берген.

Көп ұзамай зардап шегуші Қазақстанның үшінші мегаполисіне ауруханаға жатқызылыпты. Бірақ жергілікті дәрігерлер көмектесе алмаған соң келіншек Алматы қаласының ақ халаттыларына жүгінуге мәжбүр болған екен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Жәбірленушінің сөзінше, оның көзі шымкенттік аурухана қабырғасында-ақ мүлде көрмей қалған. Ал салон иесі сот қарауынан қашу үшін келіншекке 70 мың теңге ұсыныпты.

Телеарна хабарлауынша, қазір Гүлшат Қаныбекованың жағдайы жақсы, бірақ ол медицина қызметкерлерінің бақылауында. Енді Қаныбекова сұлулық салонының атына полицияға арыз жазуға ниетті.

Ал әйел адамға процедура жасаған шебер әлі де жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін колумбиялық модель Лаура Гонсалезтің кірпігін жасанды жолмен өсіремін деп көзінен айырылып қала жаздағанын жазған едік.

Дәл осындай жағдай 19 жастағы британиялық бойжеткеннің де басынан өткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843120-kentauda-kabagyna-tatuaz-zasatkan-kelinsek-kz-zanarynan-ajyrylyp-kala-zazdady/

pixel