jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қытайға сапарлап барған Моңғолия президентін өз елінде карантинге жатқызып қойды

: Instagram

Аспан асты еліне іс-сапармен болған Моңғолия делегациясы екі аптаға карантинге жатқызылды. Олардың арасында ел президенті Халтмаагийн Баттулга да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: centralasia.media
Фото: centralasia.media: UGC

Central Asia басылымының мәліметінше, Моңғолия делегациясы елдеріне Қытайдан кеше, 27 ақпанда келіп, толық құрамда карантинге жатқызылған.

Ел президенті, сыртқы істер министрі және төтенше жағдайлар бойынша басты басқарманың басшысы Баянзурх ауданындағы министрлік ауруханасында 14 күн тексеріледі.

Іс-сапарға президентпен еріп баған қалған делегация мүшелері арнайы санаторийге жіберілді.

Олар коронавирусты тексерудің нәтижелері шыққанға дейін екі апта бойы карантинде оқшауланады.

Президенті Халтмагийн Баттулгамен бірге аспан асты еліне сыртқы істер министрі, елдің ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі, генерал-майор, төтенше жағдайлар бойынша басты басқарманың басшысы, президент әкімшілігінің басшысы және президенттің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі барғаны белгілі болды.

Фото: centralasia.media
Фото: centralasia.media: Instagram

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 2788-і қайтыс болған. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айыққан.

Ал Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 57-сі қайтыс болған.

Бүгінде әлем бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 82 294 адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қытайға сапарлап барған Моңғолия президентін өз елінде карантинге жатқызып қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.