Қытайдан тыс елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты
Жарияланған күні:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сәйкес, коронавирустың салдарынан Қытайдан өзге елдерде 7169 адам зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Соңғы 24 сағатта жұқтырудың жаңа 1160 жағдайы тіркелді деп жазады РИА Новости.
Вирус 58 елге тарап, 104 адамның өмірін қиды.
Небәрі 24 сағатта ол тағы 5 жаңа мемлекетке тарады. Ауруды жұқтырудың жаңа жағдайлары Эквадорда, Израильде, Мексикада тіркелді.
Барлық құрлықта қауіпті вирустың салдарынан өлім аузында жатқан науқастар бар.
Бүкіл жер шарында 87 мың адам қытайлық коронавирусты жұқтырды. Материкті Қытайда ауруды жұқтырғандардың саны 80 мың адамнан асты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өткенін хабарлаған едік.
Олар қазіргі таңда медициналық қызметкерлердің бақылауында тұр.
Одан бөлек АҚШ аумағында да коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам өлімі тіркелді. Осыған байланысты Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды.
Сондай-ақ, Австралия мен Таиландта алғашқы коронавирустан қайтыс болғандар тіркелді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843432-kytajdan-tys-elderde-koronavirus-zktyrgandar-sany-7-mynan-asty/