Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әуежай мен вокзалдарда 32 456 адам коронавирусқа тексерілді

Опубликовано:

Мемлекеттің әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда әуежай мен вокзалда 32 456 адам коронавирусқа тексерілді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың ішінде бақылауға 24 469 адам алынып, 24 432-і бақылаудан шығарылған, сондай-ақ 23 980 адам қамтылды.

Соңғы екі аптада 27 жолаушы елге келіп жетті, олар қазіргі таңда медициналық қызметкерлердің бақылауында тұр.

2020 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша ведомствода респираторлық аурулар белгілері бар адамдарды ауруханаларға жатқызудың 165 жағдайы туралы деректер бар, бірақ олардың барлығы айығып шықты, бақылауда болғандардың арасында коронавирус анықталған жоқ.

Бұдан бөлек, 23 ақпан күні Қазақстанға 20 жолаушысы бар борт ұшып қонды. Олардың арасында Diamond Princess лайнерінен эвакуацияланған қазақстандықтар да бар.

Барлық келген азаматтар арнайы стационарға ауыстырылды. Олар мамандардың бақылауында. Азаматтар денсаулықтарына қатысты шағым айтпайды.

Денсаулық сақтау министрлігі аурудың таралуына қарсы әрекет ету шаралары жағдайы олардың бақылауында екенін еске салады.

Қандай да бір сұрақтары пайда болған азаматтар үшін 1406 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы "жедел желі" жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843428-kazakstanda-uezaj-men-vokzaldarda-32-456-adam-koronaviruska-tekserildi/

pixel