RU

Елімізде коронавирус анықталған жағдайға қосымша "Б" жоспары әзірленді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтыру дерегі анықтала қалған жағдайда әрекет ететін "Б" жоспарын жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

план б

Үкімет отырысы. Фото: primeminister.kz

Министрлік басшысы қаңтар айының басынан бастап бүгінгі күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты үш кезеңді іске асырғанын айтты.

Сонымен, бірінші кезеңде министрлік шекараға бақылауды күшейтіп, аспан асты елінен оралғандардың денсаулығын бақылауға алған. Сонымен қатар, жеке қорғаныш құралдарының қоры құрылған. Одан бөлек тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу басталған.

Екінші кезеңде шекарадағы бақылау күшейтіліп, 150 эпидемиолог жіберілді. Дәл осы кезеңде лабораториялық диагностика реттеліп, емдеу хаттамасы, эпидемияға қарсы іс-шаралар реттілігі бекітілген.

Үшінші кезең өткен айдың 20 ақпанынан басталды. Осы кезеңнің аясында елге кіретін адамдар коронавирустың қауіптілік деңгейіне байланысты үш санатқа бөлінді.

Кешеден бері бірқатар елдерге, соның ішінде Оңтүстік Кореяға, Италияға, Иранға қатысты күшейтудің төртінші кезеңі енгізілді.

Сонымен қатар, Білім министрінің хабарлауынша, инфекцияның ел аумағына енуіне жол бермеу, сондай-ақ қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мақсатында мемлекеттік органдар Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп "Б" жоспарын әзірледі.

Жалпы алғанда, бүгінде әлемде 88 мыңнан астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Қытайдан бөлек, Италия, Иран, Жапония, Оңтүстік Кореяда инфекция жұқтырғандар көбейіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әуе айлағы мен темір жол вокзалында 2020 жылдың 6 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Қытайдан келген 32 мың адам тексерістен өткенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус анықталған жағдайға қосымша "Б" жоспары әзірленді
Mailfire view pixel