RU

Әйел мен оның үш айлық баласы көліктің астына түсіп, көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Байзақ ауданында жантүршігерлік жол апаты орын алып, салдарынан әйел мен оның нәрестесі қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Қайғылы жағдай Сарыкемер ауылында 4 наурыз күні түнде орын алған.

“BMW 728” маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйел мен оның үш айлық баласын жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткені белгілі болды.

Нәрестенің анасы оқиға орнында көз жұмған. Ал үш айлық сәбиді Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізгенімен, алған жарақатынан ол да қайтыс болды.

Оқиға орнын тексеру барысында жолдың құрғақ, ешқандай ақаусыз болғаны анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші алкогольдік және есірткі заттарын пайдаланбаған.

Оның айтуынша, әйелі екеуінің арасында жанжал туындап, содан жылдамдықты арттырған.

Ер адам алдында келе жатқан көлікті айналып өту кезінде рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады.

Кінәлі Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлігі арнайы тұраққа қойылған.

Еске сала кетсек, Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентіне жақын маңда орын алған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйел мен оның үш айлық баласы көліктің астына түсіп, көз жұмды
Mailfire view pixel