Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйел құқықтарын ұрандатқан арулар көшеге шықты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Алматыда феминизмді жақтаушылардың санкцияланбаған шеруі өтті: бірнеше ондаған қыз-келіншек әйелдер құқықтары туралы ұрандатып, оңтүстік астананың көшелерімен жүріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Марк Бисен
Фото: NUR.KZ/Марк Бисен: Original

Нәзік жандылар қолдарына қазақ және орыс тілінде жазылған плакаттарды ұстаған.

Шеру кезінде – "Әр әйел – жалғызым", "Мен қауіпсіздікте болғым келеді" деген сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұрандар айтылды.

Фото: NUR.KZ/Марк Бисен
Фото: NUR.KZ/Марк Бисен: Original

Арулар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандыруды, сексуалды алымсақтық туралы заң қабылдауды, сондай-ақ зорлаушыларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармауды талап етуде.

Фото: NUR.KZ/Марк Бисен
Фото: NUR.KZ/Марк Бисен: Original

Сондай-ақ бірнеше ер азамат нәзік жандыларды қолдап, шеруге қатысқан.

Фото: NUR.KZ/Марк Бисен
Фото: NUR.KZ/Марк Бисен: Original

Шеруге қатысушылар жыл сайын жүздеген арудың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатынын, алайда, көбінесе мұндай істердің тиісті түрде қаралмайтынын және қоғам назарына ілінбейтінін тілге тиек етті.

Фото: NUR.KZ/Марк Бисен
Фото: NUR.KZ/Марк Бисен: Original

Аталған шерудің қала билігімен келісілмегенін айта кету керек. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, олар шараның өтетіні жайлы әкімдікті ескерткен.

Фото: NUR.KZ/Марк Бисен
Фото: NUR.KZ/Марк Бисен: Original

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы жұбайларына қол көтеретін ер азаматтарды көше жұмысына жегуді ұсынған болатын. Осылайша, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тойтарыс бермек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844470-almatyda-jel-kkyktaryn-randatkan-arular-ksege-sykty-foto-video/