Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өсіріп жіберді

Жарияланған күні:

Еліміздің Ұлттық банкі коронавируcтың бүкіл әлемде таралуына байланысты бірқатар шешім қабылдады. Ведомство дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos
"2020 жылғы 10 наурыздан бастап базалық мөлшерлеме пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін қеңейтіп, жылдық 12% деңгейінде белгіленеді. Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша 10,5% болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне қарай қабылданғаны белгілі болды.

"COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауындағы негізгі факторға айналды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Brent сұрыпты мұнай бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде күрт төмендеген.

Оның белгіленген бағасы бір күнде 30 пайыздан аса барынша көп төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болған.

Белгілі болғандай, инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуын алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгедегі активтерді қорғауға бағытталған.

"Ұлттық Банк ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды сақтайды. Қажет болған кезде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық өктемдіктер жүргізеді. Ұлттық Банк ішкі ақша және валюта сегменттеріндегі, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдайды", - делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша Ұлттық Банктің кезекті шешімі 2020 жылғы 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жарияланатыны айтылды.

Еске сала кетсек, мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1844595-lttyk-bank-bazalyk-mlserlemeni-sirip-ziberdi/