Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайдалы бактерияларды жояды": Дәрігер қолды жиі жуу денсаулыққа қауіпті екенін ескертті

Опубликовано:

Ресейлік дәрігер Алексей Бессмертный қолды шамадан тыс сабындап жуу денсаулыққа кері әсер ететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Радио Спутник сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қолды ас ішерден бұрын да, кейін де жуу керектігі баршамызға белгілі. Дәрігерлер инфекция таралу кезеңінде қолды көбірек жууға кеңес береді. Әрине бұл әдіс аурудан қорғануға мықты қалқан болмаса да, көптеген сырқаттың алдын алуға көмектеседі.

Егер қолыңыз кір болса, тиісінше сабындап жуу қажет. Ол үшін әртүрлі күйдегі сабынды қолдануға болады.

Дегенмен "Пятница" телеарнасындағы медициналық бағдарламаның жүргізушісі аллерголог-иммунолог дәрігер Алексей Бессмертныйдың айтуынша, қолды шамадан тыс сабындап жуудың өзіндік кері әсерлері бар.

"Қол гигиенасы өте маңызды, әсіресе тұмаумен ауырған кезде қолды жуу ауру өршіп кетуіне жол бермейді. Алайда күніне қолды 6-8 рет сабындап жуу теріні құрғатып, ондағы қорғаныс қабатындағы инфекциядан қорғайтын пайдалы бактерияларды жояды. Оның үстіне қолды жиі жуудың салдарынан сабын мен гельдің құрамындағы заттар теріңізді бүлдіреді", – дейді дәрігер.

Сонымен қатар Бессмертный америкалық педиатрия академиясы делелдерін мысалға алып, антисептик пен дымқыл майлықтар (влажные салфетки) қолдағы кірді толық кетірмей, тек оны қолыңызға жағып тастайтынын да атап өтті.

Оның сөзінше, ең тиімдісі қолды жай ғана сумен жуу.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ұлттық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінің вирусолог-дәрігері коронавирустан сақтанудың жолдарын атаған еді. Маманның айтуынша, ең алдымен жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі жуып тұру керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844871-driger-koldy-zii-zuu-densaulykka-kauipti-ekenin-eskertti/

pixel