jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирус жұқтырған екі қазақстандықтың бірі әйел, бірі ер адам болып шықты

    : Original

    Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған екі қазақстандықтың бірі әйел, екіншісі ер адам екенін мәлімдеді. Олар Германиядан ұшып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Министр науқастардың бірі Алматыға 9 наурыз күні ұшып келгенін мәлімдеді. Алайда Германиядан жеткен борт жолаушылары ауруханаға жатқазылмаған. Адамдар үйіне жіберіліп, медициналық бақылауға алынған.

    Енді коронавирус анықталған соң борттағы барлық 73 жолаушы іздестіріліп, ауруханаға 2 аптаға оқшаулауға жіберілген.

    Сонымен қатар, медицина қызметкерлері науқастармен байланысқан азаматтарды да оқшауламақ. Келіп жеткен борт Алматы әуежайындағы ортақ терминалдан өткен.

    Ал екінші науқас оңтүстік астанаға бүгін, 12 наурыздан 13 наурызға қараған түні келіп жеткен. Экипажбен қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам стационарларға оқшаулауға жіберілді.

    Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Коронавирус жұқтырған екі қазақстандықтың бірі әйел, бірі ер адам болып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.