jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    ҰҚК коронавирус пандемиясына байланысты 488 адамға іздеу салды

    : Getty Images

    9 наурызда коронавирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келген 40 адам табылып, қазіргі уақытта ҰҚК мен полиция 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында елге келген 488 адамға іздеу салды деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    Коронвирус Қазақстанға енді: Германиядан келген 24 адамға іздеу салынды
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың хабарлауынша, отандастарымыз мінген бір рейсте 73 емес, 68 жолаушы болған.

    Шенеуніктің айтуынша, төрт жолаушы басқа мемлекеттерге ұшып кеткен. Қырық адам карантинге алынған. Тағы 24 адам қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр.

    Жалпы алғанда, негізгі тізімге сәйкес, Алматы қаласы бойынша 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында шетелдерден келгендер саны 11 340 адамды құраған. Оның ішінде 10 852 азамат анықталып, қазіргі уақытта медицина мамандарының бақылауына алынған.

    Әбілдаевтың мәлімдеуінше, қалғандары ертең таңертеңге дейін табылады.

    "Ертеңге дейін 100 процент табамыз деп отырмыз. Сондай-ақ, тоғызыншы наурызда келген науқаспен байланыста болған он бір адам карантинге алынды", - деп түсіндірді ол.

    Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

    Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

    Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Әйел Италиядан ұшып келген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    ҰҚК коронавирус пандемиясына байланысты 488 адамға іздеу салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.