jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    KASE сауда-саттығындағы нәтиже: Бүгінгі доллар бағамы қандай

    : Original

    Қазақстанық қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесі белгілі болды. Бүгін, 17 наурыз күн америкалық валюта бірлігі 435,7 теңге болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Сауда-саттық нәтижесіне сәйкес, бір тәулікте доллар тек 1,05 теңгеге қымбаттаған. Қазір ол 435,7 теңге тұрады.

    Ал Kurs.kz порталындағы ақпарат бойынша, Алматы айырбастау нұктелерінде валютаны орташа 439,5 теңге, ал Нұр-Сұлтан айырбастау нүктелерінде 440-441 теңгеден сатылып жатыр. Ал үшінші мегаполисте америкалық валютаның орташа бағасы 438 теңге болып тұр.

    Скриншот: Kurs.kz
    Скриншот: Kurs.kz: UGC

    Скриншот: Kurs.kz
    Скриншот: Kurs.kz: UGC

    Скриншот: Kurs.kz
    Скриншот: Kurs.kz: UGC

    Айта кетейік, күні кеше Қазақстандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ долларының құны өсіп кетті. Жарты сағатта америкалық валютаның бағасы 415 теңгеден 450 теңгеге дейін көтерілген.

    Ал жұма күні бір доллар 408 теңгеден сатылған. Бір апта ішінде шетелдік валюта 16 теңгеге қымбаттаса, бір ай ішінде 29 теңгеге өскен.

    Ал осыған дейін, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

    Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    KASE сауда-саттығындағы нәтиже: Бүгінгі доллар бағамы қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.