Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтар арбауына түсіп қалды

Опубликовано:

23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Маска сатылады": Алаяқтардың құрбаны полицияға хабарласты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазақстанда төтенше жағдай орын алғанын жарияланғаны белгілі. Осы тұста еліміздің әр аймағында маска тапшы болғандықтан, кез келген тұрғынның алаяқтар құрбанына айналып кетуі ғажап емес. Сондай жағдайлардың бірі Өскемен қаласында тіркелді.

Қала тұрғыны ғаламтордағы "медициналық бетперде сатылады" деген жарнамаға көзі түскенін айтады. Масканы сатып алмақшы болған ол сатушының талабына сәйкес, ақшаны онлайн төлем арқылы жіберген. Жәбірленушінің айтуынша, төлем жасалған соң сатушылармен байланысу мүмкін болмапты. Ал тапсырыс жасаған маскасы тұрғынға жеткізілмеген.

Жәбірленуші сатушының жауабын бірнеше күн күткен екен. Алайда олардың алаяқ екеніне көзі жеткен соң 102 нөмірі арқылы құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Бүгінгі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабындағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастап кетті. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті азаматтардан мұқият болуға, ғаламторда, әлеуметтік желі арқылы күдікті келіссөздер жасаспауға кеңес берді. Елдегі жарияланған төтенше жағдайды пайдаланып, алаяқтар арам пиғылын жүзеге асыруы мүмкін екенін жеткізді.

Полиция департаменті облыс тұрғындарын ЕСКЕРТЕДІ:

  • қандай жағдай болмасын бейтаныс тұлғаларға жеке деректеріңізді және шот нөмірлерін хабарламаңыз;
  • әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасасудың қажеті жоқ;
  • ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлемеңіз;
  • жеке басыңыздың ақпаратын ашық түрде әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз;
  • банкоматтардағы қосымша қызметтерді қоспаңыз.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Еске сала кетсек, Коронавирусқа байланысты Бас прокурордың орынбасары мәлімдеме жасаған болатын.

Сондай-ақ, Алматы полициясының басшысы тұрғындарға үндеу жолдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846083-maska-satyp-almak-bolgan-skemen-trgyny-alaaktar-arbauyna-tsip-kaldy/

pixel