Тағы 17 жағдай тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті
Жарияланған күні:
Елімізде коронавирус жұқтырудың жаңа 17 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 325-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.
Айта кетейік, дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмды.
Қауіпті ауру жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ аумағында, яғни 163 429 адам. Америкада пандемия кезінде коронавирустан 3 008 пациент көз жұмды. Сондай-ақ, індет жұқтырғандар саны бойынша Италия көшбасшылар үштігінде тұр. Бұл мемлекетте вирусты 101 739 адам жұқтырған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848064-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-325-ke-zetti/