Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты
Опубликовано:
Дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сoronavirus.jhu.edu порталы әлем бойынша COVID-19 вирусының таралу жағдайы туралы жаңа статистикалық мәліметтер жариялады.
Оның ақпаратынша, қауіпті ауру жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ аумағында, яғни 163 429 адам. Америкада пандемия кезінде коронавирустан 3 008 пациент көз жұмды.
Сондай-ақ, жұқтырғандар саны бойынша Италия көшбасшылар үштігінде тұр. Бұл мемлекетте вирусты 101 739 адам жұқтырған.
Алайда мұнда қаза болғандардың саны Құрама Штаттардан бірнеше есе көп - 11 591 адам.
Бұдан басқа, топ-3 құрамына Испания да кірді, онда қазіргі уақытта қауіпті аурумен ауырған 87 956 пациент бар. Бұл елдің аумағында аурудан 7 716 адам көз жұмды.
Жұқтырғандар саны Германияда да артып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 салдарынан ауруханада 66 885 адам жатыр.
Мемлекет аумағында аурудың таралу кезеңінде өлім жағдайлары мыңнан аз - 645 адам тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 308-ге жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848038-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-784-mynan-asty/