Выйти
RU

Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь пайда болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы маңында коронавирустық инфекция жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь пайда болды. Оның жасақталуына небәрі 72 сағат кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

алматыда

Видеодан кадр

Әскери-далалық госпиталь жайлы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ведомство "коронавирустық инфекция" диагнозы қойылған пациенттерді қалай емдейтіні туралы арнайы ролик дайындаған.

Госпиталь Алматыдан 30 шақырым жерде орналасқан. Министрліктің хабарлауынша, далалық аурухана 100 адамға дейін қабылдай алады және заманауи технологиямен жабдықталған.

Жүз төсек-орыннан бөлек мұнда ота жасау блогы, қабылдау және диагностикалық, анестезиология, жансақтау, эвакуациялық бөлімдерімен қоса дәріхана да бар.

Дәрігерлер госпитальде пациенттерге рентген бақылауын, қажетті зертханалық сынамаларды жүргізе алады. Қажет болған жағдайда науқастарды жасанды демалдыру құрылғысына қосуға мүмкіндік бар.

Одан бөлек далалық ауруханада жылыту жүйесі мен желдету жүйесі де іске қосылған. Сондай-ақ душтар мен санитарлық дәретхана орнатылған.

Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда да резервті әскери-медициналық қор жасақталған. Елордада 160 орынға арналған екі ғимарат пен 500 орындық шатырлы лагерь дайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың қалай салынып жатқанын көрсеткен еді.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь пайда болды (видео)