Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коммуналдық шығындар үшін қашаннан бастап 15 мың теңге беріледі

Жарияланған күні:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі Telegram арнасында коммуналдық қызметтер үшін 15 000 теңге төлеу тәртібін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Коммуналдық қызметтер үшін берілетін 15 мың теңгеге өтінім қабылдау жұмысы әкімдіктер арнайы жүйені іске қосқаннан кейін ғана басталады. 

"Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді. Қазіргі уақытта әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдауда. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнайы жүйені әзірлегеннен кейін ол жайында жергілікті халықты хабарландырады", - делінген ресми хабарламада. 

Министрлік мәлімдемесінде арнайы жүйе қысқа уақыт ішінде дайындалатынын білдірді.

Коммуналдық қызметтер сәуір және мамыр айлары үшін төленеді.

Сол себепті өтінім беруге асықпауға болады. 

"Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотын туралы ақпарат ұсыну қажет", - деді министрлік мамандары.

Еске сала кетсек, осыған дейін 15 мың теңгені кімдер алатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851755-kommunaldyk-sygyndar-sin-kasannan-bastap-15-my-tege-beriledi/