Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды білесіз бе

Жарияланған күні:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оразаны не бұзбайды?

  • Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;
  • Ұйқыдан жүніп болып ояну;
  • Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
  • Әйеліне қолын тигізбесе де оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
  • Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
  • Аузына келген қақырықты жұту;
  • Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
  • Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
  • Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
  • Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;
  • Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;
  • Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
  • Көзге, құлаққа дәрі тамызу;
  • Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;
  • Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;
  • Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
  • Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.

Ораза бұзылатын жағдайлар

  • Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
  • Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
  • Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; 
  • Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
  • Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;
  • Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. 

Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат жәні пәтуа бөлімінің мәліметінше, ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу доғаруы керек.

Еске сала кетсек, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады. Мамыр айының 19-нан 20-сына қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Соған орай сайтымызда әр өңір бойынша Ораза кестесі шыққан болатын.

Еске сала кетейік, ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1852413-orazany-bzatyn-zne-bzbajtyn-zagdajlardy-bilesiz-be/