Рамазан-2020: Ораза кестесі шықты
Жарияланған күні:
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жылға арналған Ораза кестесін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады.
Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түн – қасиетті Қадір түні.
Нұр-Cұлтан қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Ақтөбе қаласы

Атырау қаласы

Ақтау қаласы

Орал қаласы

Қарағанды қаласы

Қостанай қаласы

Көкшетау қаласы

Павлодар қаласы

Петропавл қаласы

Тараз қаласы

Түркістан қаласы

Қызылорда қаласы

Талдықорған қаласы

Семей қаласы

Өскемен қаласы

Осы жылы пітір садақаның мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді.
Карантин кезінде мешіттерде жұма, тарауық, күнделікті жамағат намаздары уақытша оқылмайды.
Сонымен қатар, мешіт пен қоғамдық орындарда ауызашар берілмейді.
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.
Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.
"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.
Сонымен қатар бас мүфти Рамазан айы биыл 24 сәуірден басталатанын хабардар етті. Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851483-ramazan-2020-oraza-kestesi-sykty/