Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Ернар Айдар оңай олжаға қызыққанын мойындады

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Айдар ұтыс ойынына қатысты бар шындықты айтып, сұхбат берді. Онда әнші өзінің оңай олжаға қызыққанын ашық айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Аман Тасыған YouTube арнасына сілтеме жасап.

Ернар Айдар оңай олжаға қызыққанын мойындады
Видеодағы кадр: UGC

Отандық журналистке берген сұхбатында ұтыс ойнатып жатқан сәтінде ұсталып, алты күн бойы байланысқа шықпаған өнер иесі ағынан жарылды.

Жарнама аса бір қиын еңбекті талап етпейтінін айтқан журналистің "оңай олжаға қызықтың ба" деген сұрағына әнші былай деді.

"Оңай олжаға қызықтым, иә. Себебі алты видеоға 6 млн беріп отыр. Олар саудаласып та отырған жоқ",– деді Ернар Айдар.

Әншінің айтуынша, ұйымдастыру барысында жанындағылардан еш күдіктенбеген екен.

"Олар менің сеніміме кіріп алды да, мені пайдаланды ғой",– деді әнші.

Айта кетейік, Ернар Айдар мен онымен бір бөлмеде жиналған он екі адам ТЖ режимін бұзғаны үшін ұсталған болатын. Алайда, кейін белгілі болғандай карантинде онлайн түрде ұтыс ұйымастырғандар алаяқтық бабы бойынша күдіктеліп жатыр. Олар халықтың сеніміне кіріп, ұтысқа билет сатудан 198 млн теңге табыс көрген болып шықты.

Күні кеше "Астарлы ақиқат" бағдарламасында әншінің ұсталуы мен ұйымдастырған байқауына қатысты тың мәліметтер белгілі болды.

Мәселен, Ернар Айдардың конкурсына арналған ресми парақша бұзылды деген сылтаумен төрт рет жаңартылған. Ал, ұтыстың жарнамалық роликтері бес мәрте түсіріледі.

Сонымен қатар, аталмыш видеолардағы қымбат машиналар да ауысып тұрған. Әр бейнероликтегі темір тұлпарлардың әр түрлі екенін аңғаруға болады.

Оған қоса, конкурстың басты сыйлығы зәулім пәтер де екі рет өзгертілген болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853971-ernar-ajdar-oaj-olzaga-kyzykkanyn-mojyndady/