Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша салыңыздар дегем жоқ": Басы дауға қалған Керімбекова ұтыс жайлы шындығын айтты

Жарияланған күні:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова өзі өткізген ұтыс ойнына қатысты бар шындықты айтты. Әнші ешкімді алдамағанын және халықты ақша салуға шақырмағанын алға тартып, ақталып әлек болды. Ол ұйымдастырушыларға тым қатты сеніп қалғанын жоққа шығармады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram.botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram.botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ақбота Керімбекова ұтыс ойынына қатысты даулы оқиғаға нүкте қою үшін Instagram парақшасында арнайы жазба жариялаған. Онда өнер иесі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына не себепті бармағанын түсіндіріп өтті.

Оған қоса, эстрада жұлдызы қателігін мойындап, өзінен жамандық пен зиян көрген жұртшылықтан кешірім сұрады.

"Амансыздар ма, оразаларыңыз қабыл болсын баршаңызға. "Астарлы ақиқатты" көріп, жек көріп отырсыздар ма?

Иә, қателігіміз болды - сенгеніміз! Өз басым ешкімді алдағаным жоқ. Алла куә оған. Барар жеріміз бір бәріміздің.

Құзырлы органдар тексеріп болғаннан соң өз ойыммен бөлісемін деп сабыр сақтап отырғаным да өтірік емес.
Роза да мен де "ақша салыңыздар" дегеніміз жоқ ешбір жарнамада. Ұтыс ойыны мен инвестиция екі бөлек дүние.

Ұтыстан бір қазақ болса да үйлі, көлікті болса деген ниетім болған. Розаның өткізген ұтысында дәлелдерге сеніп, мен де құжаттарын көрсеткен соң қайырымдылыққа сендім.

Ақша салу деген енді. Ондай батпан ақшаға мен де сенбеймін. Өзім біреуге, ақша беріп басым күйген талай.

Ақшаларын көбейтіп алу болды ойлары, иә түсінемін. Бірақ, "мен алып, мен қайтарам" деп сендірсем әңгіме басқаша болар еді. Барлық дәлел де айтылар. "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой.

Бармағанымның өз себебі бар. Қарасын айтып, ағын айтпағанына налып отырмын. Мейлі, ақталмаймын. Қалғаны уақытында айтылар.

Коронавирус ауруы бір бірімізге жала жауып, қаралайтын, сүрінгенді табалайтын ауру болды ғой. Өкінішті. Менен зиян кешіп, менен жамандық көрген болсаңыздар, кешірім сұраймын баршаңыздан.

Қалай түсінсеңіздер де өз еріктеріңіз. Өнер адамдары да халық екенін білсеңіздер деймін. Аллам жар болсын баршамызға" , - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова өзінің ұтыс ойнына қатысты пікір білдіруден бас тартып, лотореядан ақшасын қайтара алмағандардың мәселесіне арналған "Астарлы ақиқат" бағдарламасына бармай қойған болатын.

Әнші бұл жағдайға жүйке жүйесін де, басын да ауыртқысы келмейтінін айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855606-aksa-salyyzdar-degem-zok-basy-dauga-kalgan-kerimbekova-tys-zajly-syndygyn-ajtty/