Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болар іс болды": Ақбота Керімбекова ұтысқа қатысты дауға жауап бермей қойды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өзі өткізбек болған ұтыс ойынына қатысты даулы оқиғаға жауап бермей қойды. Шоу-бизнес жұлдызы лотерея тақырыбына арналған бағдарлама студиясына келуден бас тартып, бұл мәселеге "басын ауыртқысы келмейтінін" ашық айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram.botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram.botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ақбота Керімбекова жүргізген ұтыс салдарынан ақшасынан қағылған желі қолданушылары "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жүгініп, өздері тап болған мәселені шешуге көмектесуін сұраған.

Оқиғаны екі жақты қарастырмақ болған журналистер әншінің өзіне хабарласып, оны студияға шақырған. Алайда, өнер иесі келуден бас тартып, эфирде ұтыс ойынына қатысты жауап бергісі келмейтінін айтқан.

Бағдарлама барысында Керімбекова өзін студияға шақырған тілшіге не деп жауап қайтарғаны белгілі болды.

"Нервымды да ауыртқым келмейді. Басымды да ауыртқым келмейді. Мен бармаймын, шынымды айтсам, рахмет сендерге. Түймедей нәрсені түйедей етесіңдер. Менің инвестицияға қатысым жоқ. Оны халыққа қайта-қайта айтып, қайта-қайта жексұрын болып болды ғой. Болар іс болды" , - деді әнші.

Белгілі болғандай, Керімбекованың ұтысына қатысқан адамдар оған инвестиция ретінде кемінде үш жүз мың теңге ақша құйған. Ұйымдастырушылары оларға қаржысын елу пайыз сыйақысымен қайтарып беруге уәде етіпті.

  • Ұтыс ойыны салдарынан ақшасынан айырылған 80 адамның бүгінде сот көмегіне де жүгінгені анықталды.

Бағдарлама барысында Роза Әлқожа өткізген ұтыстан да қаржысын қайтара алмағандар бар екені белгілі болды. Әнші өз кезегінде студияға келе алмаса да, видеожазба арқылы жағдайдың мән-жайын түсіндіріп өткен.

Роза Әлқожа қайырымдылыққа негізделген лотереяның әділ өтуі үшін барын салғаны мен ұйымдастырушылардың жұмысын жіті бақылап отырғанын алға тартты. Алайда, кейіннен олардың іс-әрекеттерінен олқылық байқаған өнер иесі ұтысты ары қарай өткізбей қойған.

Айта кетейік, бұған дейін ұтыс ойынын өткізген Ернар Айдардың да басы дауға қалған болатын. Эстрада жұлдызын тіпті полиция қызметкерлері тұтқындап, одан жауап алған.

Белгілі болғандай, карантинде онлайн түрде ұтыс ұйымастырғандар алаяқтық бабы бойынша күдіктеліп жатыр. Олар халықтың сеніміне кіріп, ұтысқа билет сатудан 198 млн теңге табыс көрген болып шықты.

Конкурсқа қатысы бар бір топ азамат бүгінде уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Ал Ернар Айдардың өзі қамаудан босап шығып, үйіне оралған. Әнші бостандыққа шыға салысымен, видео үндеу арқылы көпшіліктен кешірім сұраған. Ол тергеу жұмыстарының адал өтуі үшін барынша көмектесіп жатқанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855333-bolar-is-boldy-akbota-kerimbekova-tyska-katysty-dauga-zauap-bermej-kojdy/

pixel