Выйти
RU

"Супер қаһармандар": Ақтөбелік суретшілер COVID-19 күресіп жүргендерге тосын сый жасады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының Әбілқайырхан даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің біріне коронавируспен күреске жұмылдырылған қызметкерлерге арнап сурет салынды. Онда дәрігер, полицей және әскери қызметкер супер қаһарман образдарында бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Суретте қолына қалқан ұстаған полиция қызметкерін, "супермен" плащын жамылған дәрігер, "темір адамның" қолғабын киген әскери қызметкерді көруге болады. Туындының астында "Қиын жағдайда шын батырлар көмекке келеді" деп жазылған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Еліміз қиын кездерді басынап өткеріп жатқанда ауыртпалық түскен тұлғаларға құрмет көрсетуге үлес қостық. Суреттің ерекшелігі – жастар жиі көретін Голливуд киноларындағы батырлар негізге алынды. Қиын шақта Голливудтан супер батырлар ұшып келмейді. Дәрігер, полицей, әскерилер секілді өз бауырларымызға құрмет көрсетуіміз керек", – дейді сәулетші Нұрлан Боранбаев.

Пилоттық жобаның жүзеге асуына жергілікті әкімдік қолдау білдірген. Суретшілердің ұсынысын қолдап, қажетті бояу құралдары және арнайы көтергіш крандармен қамтамасыз еткен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Жұмыс бір аптада аяқталды. Оған желге, күнге, жаңбырға төзімді акрил бояулар пайдаланылды. Жұмыс кезінде көршілер де көп көмектесті. "Қалам" дүкені электр жарығын пайдалануға рұқсат берді. Бұл сурет 5 жылға дейін өңін жоғалтпай, қала тұрғындарын қуантатын болады", – дейді суретші Айдар Еспаев.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Суретшілер қала тұрғындарына тағы да тосын сыйлар жасамақ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Еске сала кетейік, бұған дейін "Жігіттер" тобы вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге ән арнаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Супер қаһармандар": Ақтөбелік суретшілер COVID-19 күресіп жүргендерге тосын сый жасады (фото)