Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ халатты абзал жан": "Жігіттер" тобы вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге ән арнады

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар "Жігіттер" квартеті бүгінде адамдарды коронавирустан құтқаруда барын салып жатқан дәрігерлер қауымына алғысын білдірді. Өнер иелері ақ халатты абзал жандардың құрметіне ән жазып шығарған. Эстрада жұлдыздары ел басына түскен сынақта медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дәрігерлер туралы ән мен оған орай жасалған бейнебаян Бағлан Әбдірайымовтың Instagram парақшасында жарияланған.

Видеодан квартеттің төрт мүшесі абзал жандардың құрметіне ән шырқап жатқанын көруге болады. Оған қоса, медицина қызметкерлерінің қарбалас жұмысы сәтінен үзінділер келтірілген.

"Рахмет сізге, дәрігер! Бугінгі күні еңбектерінің бағасы жоқ, мәртебесі биік болған ақ халатты абзал жандардың құрметіне қандай да бір сый-құрмет жасалса аздық ететін шығар! Жырымызға қосып жүрген "жан досым" әнін риясыз көңілмен тарту етеміз! Еліміздің барлық дәрігерлеріне ән бізден, қошемет сізден болсын, достар" , - деп жазды Әбдірайымов.

Айта кетейік, бұған дейін отандық студенттер полицейлерге жантебірентерлік өлең арнап, челлендж бастаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849618-ak-halatty-abzal-zan-zigitter-toby-viruspen-kresip-zatkan-drigerlerge-n-arnady/

pixel