RU

Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды

Қалааралық автобустарда жолаушыларды қадағалайтын қызметкер болмағандықтан, оларды жолға шығару әзірге ерте. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Елімізде бірінші мамырдан бастап кей қалаларда әуе рейстері ашылғаны белгілі.

Ал жолаушылар пойыздары ел ішінде бірінші маусымнан жүре бастайды.

Алайда қалааралық автобустар қатынасына әлі де болса тыйым салынған.

Көліктегі бас санитар дәрігер мұның себебін түсіндірді.

"Ұшақ пен пойызда жолсеріктер бар, олар жолаушылар арасындағы қашықтықтың сақталуын, маска тағуын, бір жерге топтаспауын қадағалап отырады. Ал қалаларалық автобустарда мұндай жоқ, тек жүргізуші ғана. Оның міндеті – қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тиісінше, автобус салонында жағдайды бақылайтын адам болмағандықтан, қазіргі таңда қалааралық автобустарды іске қосу әлі ерте деп санаймыз", – деді Байғабылов онлайн брифингте.

Бірақ, ол өңірлерде коронавируспен байланысты жағдай тұрақталса, автобус қатынасын ашу мәселесі қаралатынын атап өтті.

Айтуынша, блок-бекеттердің алынуы да жағдайдың тұрақталуына байланысты.

Еске сала кетсек, елімізде 1 маусымнан бастап пойыздар жүре бастайтынын хабарлаған едік. Соған орай жолаушылар қандай талаптарды білуі керек екені туралы жазған болатынбыз.

Оған сәйкес, вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағып, ал жолсеріктер бетперде және қолғап киюге міндетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855849-kazakstanda-kalaaralyk-avtobustar-kasan-zre-bastajdy.html