Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік биыл қанша білім гранты бөлінгенін мәлім етті

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті. Тиісті құжатта мектеп бітіруші түлектер үшін қанша грант бөлінгені көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға - 53 864 грант бөлініп отыр.

Сонымен қатар, ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына - 12 915, бейінді магистратураға - 710 және PhD докторларын даярлауға - жалпы 2 355 тапсырыс бөлінген.

2020 жылы ең көп грант бөлінген салалар:

  • Инженер кадрларын даярлауға - 14681 грант. Соның ішінде құрылыс мамандықтары үшін - 2500 грант, электротехника және энергетика мамандықтарына - 1800, тау-кен өндірісі - 1702 грант;
  • педагогика - 8243 грант;
  • жаратылыстану, математика және статистика салалары - 4088 грант;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялары - 3815 грант;
  • денсаулық сақтау саласы - 2700 грант;
  • ауыл шаруашылығы үшін - 1565;
  • іскерлік, басқару және заңгерлік мамандықтарына - 979;

Еске сала кетсек, премьер-министрдің орынбасары еліміздің мектептеріндегі соңғы қоңырау шарасы маусым айының басында өтетінін хабарлады.

Бұл туралы вице-премьер Хабар 24 арнасындағы онлайн брифнг барысында айтты.

"Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс", - деді Тоғжанов.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары сөзінше, 3,3 миллион оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 миллион студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.

Сонымен қата Ұлттық бірыңғай тестілеудің жоспарлы түрде өтетіні белгілі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857087-ministrlik-biyl-kansa-bilim-granty-blingenin-mlim-etti/

pixel