Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

iPhone 12 смартфонының бағасы белгілі болды

Опубликовано:

Apple корпорациясының жаңа iPhone 12 смартфондар топтамасының бағалары белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

Жаңа смартфондардың бағаларын Tom’s Guide порталы жариялады.

Смартфондардың жаңа үлгілері төрт нұсқада болады деп күтілуде – iPhone 12 экранының диагоналі 5,4 дюйм, iPhone 12 Max (6,1), iPhone 12 Pro (6,1) и iPhone 12 Pro Max (6,7). Барлық үлгілер OLED-дисплейлерімен жабдықталған. Сондай-ақ олар 5G желісінде қызмет ете алады.

Басылымның ақпарынша, iPhone 12-нің бағасы 649-749 доллар арасында (269 162-310 636 теңге), iPhone 12 Max – 749-849 доллар (310 636-352 109 теңге), iPhone 12 Pro – 1000-1300 доллар (414 734-539 154 теңге), iPhone 12 Pro Max – 1400 долларға (580 628 теңге) дейін.

Бұған дейін жаңа айфондарға белгіленуі мүмкін бағалар туралы журналист әрі блогер Джон Проссер жазған болатын. Оның ақпарынша, жаңа топтаманың ең қымбат үлгісі 1,1 мың долларға (456 207 теңге) бағаланған.

Смартфондардың танысытырылымы нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін Apple компаниясының жаңа iPhone 12 топтамасын қыркүйекте көрсететіні хабарланған. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты іс-шара мен телефондардың сатылымы қазан айына шегерілуі мүмкін екені айтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін iPhone телефондарын ерекше тәсілімен ұрлаған ақтөбелік азаматтың ұсталғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857395-iphone-12-smartfonyny-bagasy-belgili-boldy/

pixel