RU

"Оқысаң, шошисың": Журналист полицейлер өліміне "қуанғандарды" орнына қойды

25 мамыр күні Алматы қаласындағы №4 блок-бекетте екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты болды. Осыдан кейін желіде қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірушілердің қарасы көбейді. Оқырмандардың бір бөлігі көз жұмған тәртіп сақшыларына аяушылық білдірмеген. Белгілі жас журналист Абай Сейфуллаұлы марқұмдарға тіл тигізген желі қолданушыларын сабырға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Instagram

Бұл туралы төртінші билік өкілі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Алматыдағы блокпосттағы апат туралы Youtube-тағы сюжеттерді қарап шықтым. Коменттердің 90%-ында өмірден өткен полицейлерге аяныш болмаған.

"Сауап!", "Екі ментке азайып, жақсы болып қалды", "Құдай жазаларын берді, халық қарғысы" деген мазмұнағы мыңдаған пікірлер. Оқысаң шошисың енді. Біраз адам "блокпостты алып тастамағанның кесірі, карантиннен шаршадық" деген ой айтыпты.

Сосын Instagram-ды қарадым. Ол жақтағы комментарийлерде көпшілігі полицейлер өліміне себеп болған мас жүргізушіні жазғырып, неғұрлым қатаң жаза беруді сұраған, "Иманды болсын" дескен.

Екі желі екі түрлі әлем сияқты. Мұндай оқиғалар кезінде Facebook аса белсенді емес екен. Қызық.
  • Не де болса, қазақтардың адам өлгенде бір ауыз "арты қайырлы болсын" дей алмауы қорқытады...
Ал ІІМ қызметкерлерінің имиджі, жұмысы туралы шын ойланбаса, мына құбылыс қауіпті деп ойлаймын, оның үстіне соққан жігіт те бұрынғы полицей", - деді ол.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Осыдан кейін күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде түрлі деректер шықты. Оның тәртіп сақшысы болғандығы да айтылды.

Осыған байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірі, жантүршігерлік жол апатына күдікті - полиция қызметкері деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ал кеше құзырлы орган жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1857697-okysa-sosisy-zurnalist-policejler-limine-kuangandardy-ornyna-kojdy.html