Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыз жүрмекші
Жарияланған күні:
2 маусымнан бастап "ҚТЖ" ҰК " АҚ Алакөлге дейін пойызға билеттер сатуды бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгіленген ережелерге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының қатынауы үш кезеңде басталады:
Бірінші кезең - 1 маусымнан;
Екінші кезең - 10 маусымнан бастап.
2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:
- №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
- №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары. 12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы қатынайды.
Одан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық жағдайды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін:
- №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
- №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;
- №453/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
- №457/6941//6942/458 "Семей - Шар – Достық", күнара;
- №459/6941//6942/460 "Өскемен - Шар – Достық", күнара.
Егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, ҚТЖ қосымша вагондар бөлуге дайын.
Айта кетейік, 1 маусымда ел аумағында блок-бекетер алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858291-ekinsi-mausymnan-bastap-alaklge-pojyz-zrmeksi/