Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыз жүрмекші

Опубликовано:

2 маусымнан бастап "ҚТЖ" ҰК " АҚ Алакөлге дейін пойызға билеттер сатуды бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2 маусымнан бастап Алакөлге пойыз жүре бастайды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Белгіленген ережелерге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының қатынауы үш кезеңде басталады:

Бірінші кезең - 1 маусымнан;

Екінші кезең - 10 маусымнан бастап.

2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:

  • №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
  • №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары. 12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы қатынайды.

Одан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық жағдайды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін:

  • №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
  • №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;
  • №453/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
  • №457/6941//6942/458 "Семей - Шар – Достық", күнара;
  • №459/6941//6942/460 "Өскемен - Шар – Достық", күнара.

Егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, ҚТЖ қосымша вагондар бөлуге дайын.

Айта кетейік, 1 маусымда ел аумағында блок-бекетер алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858291-ekinsi-mausymnan-bastap-alaklge-pojyz-zrmeksi/

pixel