Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – халықты қорлау": Шырын Нарчаева іш киіммен бауырсақ пісірді

Опубликовано:

Фото модели
Фото: pixabay.com: UGC

19 жастағы блогер Шырын Нарчаева оқырмандарын тағы да бір таңғалдырды. Бұл жолы ол іш киіммен бауырсақ пісірген қыздың видеосы желіде қызу талқының астында қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жақында ғана танымал блогер өзінің жанкүйерлеріне арнап, шулы ролик жариялаған еді. Шырын Instagram парақшасында тек алжапқыш пен іш киім киіп бауырсақ пісірген сәтінің видеосын жариялаған болатын. Біреулер оның дене пішініне қызыға қараса, басқалары оны өткір сынның астына алды. Бұл жарияланым бірден көптің назарына ілікті.

Шымкенттік танымал блогер, заңгер және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек қызды жауапқа тартуды талап етті.

"Нанды, сәукелені және ұлттық валютаны қорлаған бұл қызға қарсы қылмыстық іс қозғау керек. Мұның бәрін ТЖ кезінде жасады. Ол жалаңаш денесіне сәукеле киіп, теңгеге сіңбірген кезде үндемедік, енді жалаңаш бөксесін көрсетіп, бауырсақ пісірген видеосы шықты. Бұл бүкіл халықты қорлау!
Бұл ұлттық құндылықтарды қорлап, ұлттық ар-намысты таптап, арандату мақсатында әлеуметтік желіге жүктеу үшін арнайы түсірілген видео. Ол бұл үшін тыңғылықты дайындалған.
Бас прокуратураға азаматша Шырынның әрекеттерін тексеріп, Қылмыстың кодекстің 174 бабы бойынша жазаға тартыңыздар деген өтініш білдіремін. Ұлтты қорлап, араздықты өршітуді тоқтату керек!" — деп өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өзіне қарсы осындай пікірлер толқынынан кейін, Шырын видеоны өз парақшасынан өшіріп тастады. Бірақ ол интернет кеңістікте таралып үлгерді.

Еске салсақ, отандық журналист еркектердің төсектегі күш-қуатын арттыратын көрпеше ойлап тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858594-bl-halykty-korlau-syryn-narcaeva-is-kiimmen-bauyrsak-2/

pixel