Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәлелдеу үшін өлуім керек пе": Берік Уәлидің ата-анасы да коронавирус жұқтырған болып шықты

Жарияланған күні:

Осыдан бірнеше күн бұрын коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген Берік Уәлидің жағдайына қатысты тың дерек шықты. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, дене қызуы түскен екен. Өкініштісі, президент баспасөз хатшысының ата-анасынан да COVID-19 инфекциясы анықталыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Денсаулығы көтерсе екен": Берік Уәлидің 70-ке келген ата-анасы да коронавирус жұқтырды
Фото: Instagram/ berikuali: Getty Images

Берік Уәлидің қазіргі халі жайлы танымал блогер Самат Нұртаза өз Facebook парақшасында жазды.

"Өкінішке қарай, Бекеңнің ата-анасына да індет жұғыпты. Қазір ол кісілер ауруханада жатыр. Бекең әкесі мен анасына алаңдап отыр. 70-ке келген үлкен кісілердің денсаулығы көтере алса екен дейді. Жаратқан жар болсын дедік. Басқа біздің қолдан не келеді?

Бірақ мені ойландырғаны мынау. Осындай қиын-қыстау кезеңде, Бекеңнің өзі ғана емес ата-анасы да дертке шалдығып, аурумен күресіп жатқан кезде қолдау білдірудің орнына, сыртынан тон пішіп, саяси қадам деп, сайқымазақ пікірлер айтқан адамдардың ұяты, ары, намысы қандай деңгейде екені көрініп қалды.

Тура осындай жағдайға түспейтініне ешкім кепіл бола алмас. Ертең сенің де отбасыңда болуы мүмкін. Сол кезде жұрт тілін шығарып күлсе, қандай күйде боласың? Сондықтан пікір айтар алдында ойланғандарың дұрыс деп ойлаймын", - деген ол баршаға бас амандығын тіледі.

Президент баспасөз хатшысының жағдайы туралы актер Нартай Сауданбекұлы да жазды. Ол қауіпті инфекция жұқтырған баспасөз хатшының назын да жеткізді.

"Берік достың халін сұрадық. Біршама жақсарып қалыпты. Мен білетін Бекебай анау-пынау ауыруға құлай қоймаушы еді, сонысына қарағанда бұл covid деген пәлең оңай емес болып тұрған сыңайлы.

Әйтпесе Бекең - шыныққан шымыр жігіт. Ылғи доп қуалап, қысы-жазы аттан түспейтін сері спортшы. Ширек ғасырдан бері білеміз ғой енді. Хош. Амандық саулық сұрасып, көңіл ниет білдіріскеннен кейін қарлыққан даусымен маған достық назын айтты. Сондағысы мынау.

Өз сөзіммен өре берейін: Осы қазақ неге біртүрлі дейді. Ауырып қалғанымнан астар іздеп, сырқаттан саясат жасайтын жағдайға қалай жеттік деп налығандай болды.
Енді ауыруды дәлелдеу үшін өлуім керек пе деп күледі. Күлкісінің өзі жыларман боп шыққандай әсерде болғанын жасырмаймын. "Мені қойшы" деп әрі қарай сабақтады Бекең, "ана үлкен кісілер үшін қатты уайымдап отырмын" дейді.
  • Иә, ата-анасынан да дерт табылып, олар да оқшауланған екен, соның уайымы басым екенін сөзінен ұқтық.

Беке Алла шифасын берсін. Ата-анаңмен амандықта қауышып, құшақтаса жүруді нәсіп етсін.

Ал...Бүкіл әлемді дүрліктірмегенде бұ қазақ әй сенбеген күйі кете беретіндей екен. Ойлан, қазақ! Отпен ойнап жүріп опық жеп қалсаң, Кремльден келіп, жаназаңды шығарар жан таппай қап жүрмегейсің. Ел-жұрт аман болсыншы. Әумин!",- деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859407-dleldeu-sin-luim-kerek-pe-berik-ulidi-ata-anasy-da-koronavirus-zktyrgan-bolyp-sykty/