Выйти
RU

"Ол кінәлі емес": 10 жылға сотталған Әлібидің үстінен арыз жазған ата-ана мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

8 маусым күні еліміздегі танымал өнер жұлдыздарының қолдауымен желіде қызу талқыланып, үлкен шу тудырған 23 жастағы ақтөбелік лагерь тәрбиешісіне қатысты іске аппеляциялық сот нүкте қойды. Үкім заңды күшіне енсе де, ғаламтор беттерінде Әліби Өтепбергенді қолдайтын жандардың қарасы әлі де азаймай тұр. Олар үкіммен келіспейтіндерін ашық білдіруде. Осы орайда, оның үстінен арыз жазған ата-ананың бірі жас жігіттің жазықсыз сотталғанын айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы ақтөбелік тұрғын Еуразия бірінші арнасындағы отандық бағдарламаның тікелей эфирінде айтты.

"Сіздердің болып жатқан бағдарламаларыңызды көріп, өз ойымды білдіргім келді. Әлібидің ісіне байланысты арыз жазған жеті ата ананың бірі - менмін. Мен баланы соттатпаудың амалын жасап, өз пікірімді айтайын.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Біз ең баста қателікке ұрынып, балалардың сөзіне еріп, арыз жаздық. Кейін халық шулай бастаған соң баламен сөйлесіп көрдік.

Оның бірдеңе жасырып жүргенін сезе бастадық. Әкесі онымен сөйлескен соң, Әлібидің мұндай әрекетке бармағанын түсіндік. Осыдан кейін баланың обалына қалмайық деп, түсірген арызымызды қайтадан барып, алдық.

Балам әкесіне "Әліби аға бұндай әрекетті жасаған жоқ. Ол жақсы адам" деп айтыпты", - деп ағынан жарылды ақтөбелік тұрғын.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы жазғы демалысында Ақтөбедегі балалар лагеріне жұмысқа орналасқан 23 жастағы студенттің үстінен іс қозғалып, жауапқа тартылған еді. Ол лагерьде бар-жоғы бес күн ғана жұмыс істеген. 

Айыпталушыға "Жас балаларды азғындық жолға түсірді" деген күдікпен 10 жылға бас бостандығынан айыру жасазы кесілді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ал Әліби Өтепбергеннің жақындары осыдан соң соттан әділдік сұрап, қоғамдық пікірталас туғызуға тырысты.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі оған араша түсіп, арыз берген әр ата-ананың үйіне барып кешірім сұрауға дайын екенін айтты. Ал қазақ киносының жұлдызы Меруерт Өтекешева Ақтөбеге арнайы келіп, соттан оң көзімен қарауды сұрады.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде жас жігіттің жазықсыз жазаланғанын айтып, оны қолдауға арналған топтар пайда болды.

Осы аптаның басында Әлібиге қатысты апелляциялық іске нүкте қойылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ол кінәлі емес": 10 жылға сотталған Әлібидің үстінен арыз жазған ата-ана мәлімдеме жасады