RU

Жақындары айқайлап жылап, көмек сұрауда: Әліби Өтепбергеннің үкімі өзгеріссіз қалды (фото, видео)

Бүгін еліміздегі өнер жұлдыздарының қолдауымен желіде қызу талқыланған 23 жастағы ақтөбелік лагерь тәрбиешісіне қатысты апелляциялық іске нүкте қойылды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақындарры айқайлап жылап, көмек сұрауда: Әліби Өтепбергеннің үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

"Жас балаларды азғындық жолға түсірді" деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Әліби Өтепбергенге қатысты апелляциялық қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

"Шабыт" университетінде оқыған белсенді студент 10 жылын қатаң режимдегі абақтыда өткізеді.

"Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жас балаларды сексуалдық сипаттағы азғындық жолға түсіргені үшін 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Әліби Өтепбергенге қатысты үкім өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды", - деп хабарлайды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Жақындарры айқайлап жылап, көмек сұрауда: Әліби Өтепбергеннің үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сотталушының туыстары сот үкіміне келіспей, жоғарғы сотқа арыз түсіретіндерін мәлімдеді.

Үкім оқылған соң әбден есеңгіреп қалған Әлібидің жақындары сот алдында айқайлап жылап, көмек сұрады. Бауырларын көрсетуді сұраған әпкелері сот ғимаратына кіруге ұмтылды.

Жақындары айқайлап жылап, көмек сұрауда: Әліби Өтепбергеннің үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Көз жасына ерік беріп, өкінішпен еңсесі езілген жас жігіттің жақтастары сот ғимаратының алдында әлі жылап жүр.

Жақындары айқайлап жылап, көмек сұрауда: Әліби Өтепбергеннің үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетерлігі, Әліби Өтепбергеннің жақындары 10 айдан бері әділдік сұрап, қоғамдық пікірталас туғызуға тырысты.

Жақындары айқайлап жылап, көмек сұрауда: Әліби Өтепбергеннің үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі оған араша сұрап, арыз түсірген әр ата-ананың үйіне барып кешірім сұрауға дайын екенін айтты. Ал қазақ өнерінің жұлдызы Меруерт Өтекешева Ақтөбеге арнайы келіп, соттан оң көзімен қарауды сұрады.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы жазғы демалысында балалар лагеріне жұмысқа орналасқан 23 жастағы студент қылмыстық жауапқа тартылған еді. Ол лагерьде бар-жоғы бес күн ғана жұмыс істеген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859427-zakyndary-ajkajlap-zylap-kmek-srauda-libi-tepbergenni-kimi-zgerissiz-kaldy-foto-video/